Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Журналист Думан Мұхаммедкәрім 90 күнге карцерге қамалды

Қоғам
Журналист Думан Мұхаммедкәрім 90 күнге карцерге қамалды

 

Журналист Думан Мұхаммедкәрім 90 күнге карцерге қамалды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі

Бұл туралы белсенді Абзал Достияр Facebook-парақшасында жазды.

"Думан Мұхамедкәрімді 90 күнге карцерге қамап тастапты! Бұл туралы қазір ғана әкесі Алмас Тілепов хабарлады. Думанды жұмыс істеуден бас тартқаны үшін қамаған екен. Өзін жазықсыз қамалдым деп бас имей отырған Думанның құқығын кім қорғайды?" - деп жазды ол. 

Еске салайық, былтыр тамызда Думан Мұхаммедкәрім "экстремизмді қаржыландырды" және "тыйым салынған ұйым жұмысына араласты" деген айыппен жеті жылға сотталған еді. Журналист өзіне тағылған айыпқа келіспей, бірнеше рет қарсылық көрсетіп, аштық жариялаған. 

Фото:  qazaqtimes.com  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу