Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

1 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

Экология
1 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

1 мамырда еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі, деп хабарлайды Malim.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронттардың әсерінен оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда түнде жаңбыр мен қар жаууы мүмкін. Батыс пен оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы ықтимал.

Ел бойынша жел күшейіп, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл тұрады. Түнде және таңертең тұман күтіледі.

Сонымен қатар, бірқатар облыстарда суық ауа райы мен үсік байқалады:

-1...-4°C үсік: Батыс және шығыс Қостанай, солтүстік және шығыс Ұлытау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының батысы, оңтүстігі мен шығысы, Солтүстік Қазақстанның оңтүстік-шығысы, Павлодар мен Абай облыстарының кей бөліктері.

-1°C үсік топырақ бетінде: Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында.

Ал тек солтүстік пен орталық өңірлерде ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Фото: pixabay.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу