"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2025 жылғы 11 қазан, сенбіге арналған еліміз бойынша ауа райы болжамын ұсынды. Мамандар республика бойынша атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болатынын нақтылайды, деп хабарлайды Malim.kz.
Тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары қысымды өрістің әсерінен, негізінен, жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Сонымен қатар, бүкіл еліміз бойынша тіркелетін ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы. Сондай-ақ, елдің батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады деп болжанады.
"Жетісу облысында сынап бағаны 1-6 градус суықты көрсетсе, Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, Жамбыл облысының таулы аудандарында да сынап бағаны 1-3 градус суықты көрсетіп, түнде үсік жүреді деп күтіледі", - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі.
Фото: unsplash