Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

12 жастағы қызды туысы бір жарым жыл бойы зорлап келген

Құқық
12 жастағы қызды туысы бір жарым жыл бойы зорлап келген
Freepick

Жамбыл облысы Шу ауданында 46 жастағы ер адам кәмелетке толмаған қызды бір жарым жыл бойы зорлаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды

Күдікті жәбірленушіге алғаш рет 12 жасында аудандағы фермада жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткен. Содан кейін ол оның қаржылық жағдайын пайдаланып, қылмысын қайталаған.

Іс Қылмыстық кодекстің 122-бабы (Көрінеу он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерді жасау, сол сияқты көрінеу кәмелетке толмаған адам көрсететін жезөкшелік қызметті, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметті алу) бойынша қозғалды. Алайда кейінірек 120-бапқа (зорлау) қайта жіктелген. 

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Күдіктінің жәбірленушінің отбасының туысы екені белгілі болды. Қазір ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу