Астана және Қазақстанның 16 облысында 13 қаңтарда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.
13 қаңтарда түнде және күндіз Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түндегі екпіні 23 м/с дейін жетеді. Семейде 13 қаңтарда түнде және таңертең қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп болжанады. Солтүстік-батыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және күндіз сынап бағаны 20-25 градус суықты, 14-15 қаңтарда түнде 30-35 градус, облыстың солтүстігінде, шығысында 38 градус аязды көрсетіп, одан әрі төмендейтіні де жоққа шығарылмайды. Түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысындағы екпіні 15-20 м/с қамтиды. Петропавлда 13 қаңтарда ауа температурасы түнде және күндіз 22-24 градус аяз, 14-15 қаңтарда түнде 33-35 градус аяз болады деп болжанады.
Атырау облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Атырауда 13 қаңтарда түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15-18 м/с.
Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-батыстан шығысқа ойыса соққан желдің күндіз облыстың батысындағы екпіні 15-20 м/с құрайды.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, ал облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Қарағандыда 13 қаңтарда түнде және таңертең аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында қалың қар түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түндегі екпіні 23 м/с дейін жетеді. Өскеменде 13 қаңтарда қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің түндегі екпіні 15-20 м/с қамтиды.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Күннің соңына қарай облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Жезқазғанда 13 қаңтарда тұман болатыны болжанады.
Ақтөбе облысының шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.Ақтөбеде 13 қаңтарда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қызылордада 13 қаңтарда тұман болатыны болжанады.
Астанада 13 қаңтарда тұман, жолдарда көктайғақ болады деп күтіледі.
Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі. Шымкент пен Түркістан қалаларында 13 қаңтарда түнде және таңертең тұман болатыны болжанады.
Түнде және күндіз Павлодар облысыныңсолтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және күндіз облысының батысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. 13 қаңтарда Павлодар облысының солтүстігінде ауа температурасы түнде 18-23 градус, 14-15 қаңтарда түнде 30-35 градус, облыстың солтүстігінде 38 градус аяз болып, сынап бағаны одан әрі төмендейтіні де жоққа шығарылмайды. Павлодарда 13 қаңтарда түнде қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түндегі - 15-20 м/с. 14-15 қаңтарда түнде сынап бағаны 32-34 градус аязды көрсетеді.
13-14 қаңтарда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарындағы екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Таразда 13-14 қаңтарда кей уақыттарда тұман түсетіні болжанады.
Түнде Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын жүріп, облыстың батысында, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, орталығында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Ақтауда 13 қаңтарда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі, жолдарда көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облысытың солтүстігінде, шығысында сынап бағаны түнде 18-23 градус, 14-15 қаңтарда түнде 23-28 градус, облыстың солтүстігінде, шығысында 35 градус аязды көрсетеді. Көкшетауда 13 қаңтарда ауа температурасы түнде 18-20 градус, 14-15 қаңтарда түнде 33-35 градус аяз болады деп болжанады.
Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман болады деп күтіледі. Облыстың шығысында, таулы аудандарда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Талдықорғанда 13 қаңтарда түнде және таңертең кей уақыттарда тұман болады деп күтіледі.
Күндіз Алматы облысының батысында батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 18 м/с құрайды. Қонаевта 13 қаңтарда күндіз батыстан жел соғады, екпіні - 18 м/с.