Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

16 қаңтарда бірнеше өңірде 42 градус аяз болады

Экология
16 қаңтарда бірнеше өңірде 42 градус аяз болады
Фото: pixabay

2026 жылғы 16 қаңтар, жұма күніне арналған ауа райы болжамы жарияланды. "Қазгидромет" синоптиктерінің мәліметінше, елдің бірнеше өңірінде температура күрт төмендеп, төрт облыста аяз күшейеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Болжамға сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түсіп, боран соғады.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жауын-шашын мол түседі.

Ал елдің солтүстігі мен шығысында антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз, аязды әрі құрғақ ауа райы сақталады.

Сондай-ақ республика аумағында жел күшейіп, көктайғақ пен тұман болуы мүмкін екені ескертілді.

Әсіресе, қатты аяз мына өңірлерде болады:

Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында, Шығыс Қазақстан облысында, Абай облысының солтүстігінде – -40…-42°С;

Қарағанды облысының солтүстік-шығысында – -35…-38°С.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу