"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы бейсенбі, 2025 жылғы 16 қазанға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Malim.kz.
Болжамға сәйкес түнде үсік жүреді деп күтіледі:
Жетісу облысында сынап бағаны 4-9 градус суықты,
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде сынап бағаны 1-6 градус суықты көрсетеді.
"Алдағы тәулікте ауа райында айтарлықтай өзгеріс бола қоймайды. Антициклон Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райын анықтайды, ал батыста, еліміздің солтүстік-батысында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы, еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрып, батысында, шығысында тұман болады деп болжанады", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі.
Фото: unsplash