Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

19 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Экология
19 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: pixabay

"Қазгидромет" 2026 жылғы 19 қаңтарға Қазақстан аумағы бойынша жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Болжамға сәйкес, дүйсенбі күні еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде қар жауады. Солтүстік-батыс пен солтүстікте жаяу бұрқасынмен бірге боран соғады.

Қазақстанның қалған өңірлерінде жауын-шашынсыз, аязды ауа райы болжанып отыр.

Республика бойынша тұман, көктайғақ және желдің күшейеді.

Түнде Шығыс Қазақстан облысында, Абай облысының шығысында қатты аяз -40°C сақталады. Жетісу облысында ауа температурасы -22…-27°C дейін төмендейді. Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында -22°C қатты аяз.

Ал Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде өте қатты аяз -45°C дейін сақталады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу