Синоптиктер алдағы бейсенбіде, 2025 жылы 23 қазанда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.
Болжам бойынша, түнде Жетісу облысының солтүстігі мен орталығында сынап бағаны 1-3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі.
"Солтүстік антициклон еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райын анықтайды. Республикамыздың батысында, солтүстік-батысында ғана солтүстік-батыс циклон әсерінен жауын-шашын болады деп күтіледі. Республика бойынша түнде және таңертең тұман түседі, еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында жел екпін алады деп болжанады", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі.
Фото: pixabay