Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

24 мамырда ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды

Экология
24 мамырда ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктердің болжамынша, 24 мамыр, сенбі күні Қазақстанның көптеген өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.

Ерекше күшті жауын-шашын еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл соғуы ықтимал. Ал солтүстік пен солтүстік-батыста түнде және таңертең тұман түседі. Тек батыс пен оңтүстікте жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.

Сонымен қатар, Жетісу, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Абай, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында жоғары және өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Тұрғындарға ауа райының қолайсыздығына байланысты сақ болу ұсынылады.

Фото: pixabay.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу