"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 25 желтоқсанда елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Malim.kz.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Күндіз көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Ақтау қ.: 25 желтоқсанда күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының батысында, шығысында орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылорда қ: 25 желтоқсанда кей уақытта тұман, кешке көктайғақ күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Орал қ: 25 желтоқсанда тұман, көктайғақ күтіледі.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Павлодар қ.: 25 желтоқсанда жолдарда көктайғақ күтіледі.
Ақмола облысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетау қ.: 25 желтоқсанда қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Өскемен қ.: 25 желтоқсанда жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Абай облысының солтүстігінде аздаған қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, күндіз Жарма ауданында екпіні 23-28 м/с. Семей қ.: 25 желтоқсанда аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Атырау қ: 25 желтоқсанда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.
Астанада қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Алматы қ.: 25 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Қонаев қ.: 25 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Қарағанды қ.: 25 желтоқсанда қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.
Ұлытау облысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-18 м/с. Жезқазған қ.: 25 желтоқсанда көктайғақ, тұман күтіледі.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың тау асуларында 15-20 м/с. Шымкент қ.: 25 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі. Түркістан қ.: 25 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі.