freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

26 тамызға арналған ауа райы болжамы

Экология
26 тамызға арналған ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com

Қазгидромет 26 тамыз, сәрсенбіге ауа райы мен қауіпті метеорологиялық құбылыстарға байланысты болжамын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің бірқатар өңірінде қар, бұршақ, нөсер жауын жауады. Ал кей жерлерде аптап ыстық болады.

Солтүстік-батыс циклонымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбырлы әрі найзағайлы ауа райын сақтайды.

Еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады, жекелеген аудандарда бұршақ түсуі мүмкін. Алматы облысының таулы аудандарында түнде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады. Республика бойынша жел күшейеді, Қазақстанның солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі.

Сондай-ақ болжам бойынша күндіз Қазақстанның екі өңірінде қатты ыстық болады: Маңғыстау облысында – +38...+39°С дейін, Қостанай облысының оңтүстігінде – +35°С дейін.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу