Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

28 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Экология
28 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: freepik.com

28 қаңтарда еліміздің бірқатар аймағында ауа райы күрт құбылып, тұман, көктайғақ, қар мен жаңбыр аралас жауын-шашын және қатты жел күтіледі, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұлытау облысының солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде тұман түседі деп болжанған. Қарағанды облысының батыс, шығыс және оңтүстік аудандарында да тұман күтіледі.

Түркістан облысында ауа райы барынша күрделі болмақ. Өңірдің солтүстігі, оңтүстігі, батысы және таулы аймақтарында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауып, жаяу бұрқасын мен көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні кей жерлерде 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Шымкент қаласында кей уақыттарда тұман мен көктайғақ байқалады. Ал Түркістан қаласында күннің екінші жартысында көктайғақ күшейеді деп күтілуде.

Қызылорда облысының солтүстігі, шығысы және орталығында тұман мен көктайғақ болуы ықтимал. Облыс орталығы – Қызылорда қаласында да осыған ұқсас жағдай сақталады.

Маңғыстау облысының батысы мен орталығында жаяу бұрқасын, тұман және көктайғақ күтіледі. Шығыс және оңтүстік-шығыстан соғатын жел күндіз 15–20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Ақтауда да жолдардың тайғақ болуы ықтимал. Ал облыстың солтүстік-шығысында түнде 25–27 градусқа дейін қатты аяз болжанған.

Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде жаяу бұрқасын байқалса, солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Орал қаласында түнгі және таңғы уақытта тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, бұрқасын соғады. Өңірдің солтүстігі, оңтүстігі және орталығында тұман күшейеді. Өскемен қаласында да түнде және таңертең тұман болады.

Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Шығыс және оңтүстік аудандарда тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, екпіні 15–20 м/с-қа жетуі мүмкін.

Мамандар тұрғындарды алыс жолға шыққанда абай болуға, ал жүргізушілерді жолдағы тайғақ пен көрінудің төмендеуін ескеруге шақырады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу