Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

28 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Экология
28 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: pixabay

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 28 желтоқсанда Қазақстанның 14 облысында дауылды ескерту жарияланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Атырау облысында түнде қар жауады, облыстың солтүстігі мен шығысында қалың қар түседі. Күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік пен шығыста — боран. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Атырау қаласында тұман мен көктайғақ күтіледі.

Жетісу облысында түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында және таулы аймақтарында тұман болады. Талдықорғанда да таңертең тұман түседі.

Ақтөбе облысында күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде қар жауып, жаяу боран соғады, көктайғақ болады. Түнде және таңертең орталық пен шығыста тұман түседі. Ақтөбеде күндіз көктайғақ болуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде және облыс орталығында тұман күтіледі.

Қарағанды облысында батыста, солтүстікте және оңтүстікте тұман болады.

Ұлытау облысында батыста, оңтүстікте және орталықта тұман күтіледі. Жезқазғанда мезгіл-мезгіл тұман түседі.

Қызылорда облысының орталығында тұман болады. Қызылорда қаласында да мезгіл-мезгіл тұман күтіледі.

Маңғыстау облысында батыста, солтүстікте және орталықта жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, жаяу боран соғады, көктайғақ болады. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Ақтаудатүнде және таңертең көктайғақ болып, қатты жел соғады.

Жамбыл облысында оңтүстікте және таулы аймақтарда тұман мен көктайғақ болады. Күндіз таулы аймақтарда желдің екпіні 25 м/с дейін күшеюі мүмкін. Таразда мезгіл-мезгіл тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысында қар жауып, жаяу боран соғады, облыстың шығысында қалың қар түседі. Батыс пен оңтүстікте тұман күтіледі. Оралда қар жауып, боран болады.

Түркістан облысында батыста, оңтүстікте және таулы аймақтарда тұман мен көктайғақ болады. Тау асуларында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Павлодар облысында батыста, солтүстікте және оңтүстікте тұман болады.

Ақмола облысында батыс пен солтүстікте желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысында түнде және таңертең оңтүстікте және таулы аймақтарда тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Алматы мен Қонаев қалаларында да түнде және таңертең тұман мен көктайғақ күтіледі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу