Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

30 тамызда +40°С-қа дейінгі аптап ыстық болады

Экология
30 тамызда +40°С-қа дейінгі аптап ыстық болады

"Қазгидромет" РМК мамандары 2025 жылғы 30 тамыз, сенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Оған сәйкес, Қазақстанға 40 градусқа дейінгі ыстық пен найзағайлы жаңбыр жақындап келеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Болжамға сәйкес, күндіз аптап ыстық күтіледі:

  • Жетісу облысында, Алматы облысында – +37…+38°С дейін,
  • Маңғыстау облысында – +40°С дейін.

"Батыс антициклонының ықпалымен Қазақстанның батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Елдің қалған аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай күтіледі, бұршақ пен қатты жел болуы мүмкін. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, оңтүстік-батыста, оңтүстікте, орталықта шаңды дауыл, ал оңтүстік-батыста және орталықта түнгі және таңғы уақытта тұман күтіледі", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Фото: pixabay

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу