Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

+38°С-қа дейін ыстық: 9 шілдедеге арналған ауа райы болжамы

Экология
+38°С-қа дейін ыстық: 9 шілдедеге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 2025 жылғы 9 шілде, сәрсенбі күні Қазақстанда ауа райы қандай болатынын хабарлады, деп жазады Malim.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, күндіз мына өңірлерде қатты ыстық күтіледі:

 • Батыс Қазақстан, Алматы, Жетісу облыстары мен Ақтөбе облысының оңтүстігінде – +35°С дейін,

 • Атырау облысында – +35…+37°С,

 • Маңғыстау облысының оңтүстігінде – +38°С дейін.

Синоптиктердің болжамына сай:

"Атмосфералық фронттар елдің солтүстігі, оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен орталығында тұрақсыз ауа райын қалыптастырып, найзағайлы жаңбыр жауады. Солтүстікте қатты жаңбыр жаууы мүмкін, күндіз бұршақ жауу ықтималдығы бар. Ал қалған өңірлерде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ел бойынша жел күшейіп, солтүстік пен оңтүстік-шығыста дауылды жел, ал түнде және таңертең солтүстік пен солтүстік-батыста тұман болады".

Фото: pixabay

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу