Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

4700 адам ғана дауыс берген әкім

Саясат
4700 адам ғана дауыс берген әкім

Дауыс берушілердің төрттен бірі де жиналмаған сайлауда Amanat партиясының Талғар аудандық филиалының экс-хатшысы, 32 жастағы экономист Бақыт Қуатбекұлы Күрішбеков жеңіске жетті. Ол келген халықтың 47,71% дауысын жинаған. Сайлауға түскен өзге үш кандидат: Бақытжан Рақымұлы Ақботаев 23,63%, Нұрбек Бақытқанұлы Даулетбақов 17,84%, Сапарбек Мұхтарұлы Назарбаев 7,70% дауыс жинады. Келгендердің 3,12% бәріне қарсы болған немесе бланкті бүлдірген.

Айта кетейік, Талғар қаласында дауыс беру құқығы бар 42 мыңға жуық адам тұрса, бұл сайлауға тек 9 900-ден аса адам келген. Оның ішінде 4 700-ге жуық адам жаңа әкімге дауыс берген. Яғни Талғардағы халықтың 10% ғана жаңа әкімді қолдайды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу