Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

74 млн ақша жымқырған шенеуніктер сотталды

Құқық
74 млн ақша жымқырған шенеуніктер сотталды

Жетісу облысында аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйым директоры сотталды.  Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді. 

«Сарқан аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымның директоры туристтік объектілердегі санитарлық-гигиеналық тораптарды орнату үшін 74,7 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырған. Прокурорлық тексеріс, объект іске қосылмағанын, ал бөлінген қаражат шығындалып кеткенін көрсетті», - делінген хабарламада. 

Сарқан ауданының прокуратурасы соталды тергеу жүргізіп, іс сотқа дейін жеткізілді.

Сот үкімі бойынша, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымның директоры түрлі мерзімдегі бас бостандығынан айыру жазаларын алады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Фото: Gov.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу