freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Абай облысында мал іздеуге шыққан адам 5 күннен кейін табылды

Оқиға
Абай облысында мал іздеуге шыққан адам 5 күннен кейін табылды
Фото: видеодан кадр

Абай облысында мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен 56 жастағы ер адам бес күннен кейін аман-есен табылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Хабар түскен сәттен бастап полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жедел түрде іздестіру жұмыстарын бастаған. Іздеу тәулік бойы үздіксіз жүргізілді.

Құтқарушылар жолсыз жерлер мен күрделі рельеф жағдайында жұмыс істеді. Батпақты және қиын учаскелерде техника бірнеше рет тұрып қалғанына қарамастан, іздеу жұмыстары тоқтатылмаған. Операцияға жергілікті шаруашылық иесі де қосылған.

Бесінші күні таңертең жоғалған азамат табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол жануарды тұрғызуға көмектесу кезінде аттың астында қалып, аяғын сындырып алған. Соның салдарынан өздігінен қозғала алмай, бірнеше күн бойы далада жатқан.

Құтқарушылар оған оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу