Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алакөлде 17 жастағы жасөспірім суға батып кетті

Оқиға
Алакөлде 17 жастағы жасөспірім суға батып кетті

Абай облысындағы Алакөл көлінде 17 жастағы жасөспірім суға батып кетті. Қайғылы оқиға Қабанбай ауылы маңында, жағалаудан 500 метр қашықтықта, суға шомылуға арналмаған жерде болған, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жасөспірім жалға алынған қайықта жүрген. Ол құтқару жилетін киместен суға секірген. Соның салдарынан батып кеткен. Іздестіру-құтқару жұмыстарына 12 адам – құтқарушылар, полиция қызметкерлері мен сүңгуірлер жұмылдырылды.

Сонымен қатар эхолот, дрондар және төрт жүзу құралы пайдаланылған. Жасөспірімнің денесі 6 метр тереңдіктен табылды.

Оқиғаға байланысты Абай облыстық полиция департаменті 32 жастағы қайық иесіне қатысты қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Ол қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсетіп, адамның өліміне себепкер болды деген күдікке ілінді. Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің «Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету» бабы бойынша тергеліп жатыр. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Фото: видеодан скрин

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу