Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әлем чемпионаты: Футзалдан Қазақстан құрамасы Ливияны ұтты

Спорт
Әлем чемпионаты: Футзалдан Қазақстан құрамасы Ливияны ұтты

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатында Ливияны 4:1 есебімен ұтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Топтағы екінші ойында отандастарымыз алғашқы минуттардан-ақ айқын басымдық байқатты. Бірінші болып Ақжол Дәрібайдың голынан кейін доп қарсылас команда ойыншысына тиіп, қақпа торында тулады. Артынша Ливия құрамасы да есепті теңестіре білді. 

Бірінші тайм аяқталғанша Қазақстан тағы екі гол соғып үлгере білді. Біржан Оразов пен Жахангер Рашит мергендігімен көзге түсті. 

Екінші таймда Альберт Ақбалықов бір гол соғып, ойын нәтижесін түйіндеді. Осылайша, отандастарымыз 4 ұпаймен "D" тобында көш басына шықты.

Фото: ҚФФ

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу