АҚШ Израильге ескерту жасады

АҚШ-тың талабы - Израиль билігі Газа секторында гуманитарлық жағдайды жақсарту үшін шаралар қабылдауға тиіс

Мадина Қайнарова

  • 16.10.2024

Америка билігі Израильге әскери қолдауды азайтамыз деген ескерту жасады. Ондағы себеп – Израиль билігі әскери әрекеттерден зардап шеккен Газа секторында гуманитарлық жағдайды жақсарту үшін шаралар қабылдауға және 30 күн ішінде осы аумаққа гуманитарлық көмек жеткізуді қамтамасыз етуге тиіс.

Бұл ескерту Газадағы әскери операция басталған соң бір жылдан кейін жасалып тұр. Бір жыл ішіндегі қантөгіс Таяу Шығысты алапат соғысқа душар етті.

Өткен жексенбіде АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен и Пентагон басшысы Ллойд Остин Израильдің қорғаныс министрі Йоав Галантқа хат жолдап, Газаға берілетін көмекті ұлғайтып, нақты шаралап қабылдауға шақырды. Бұл туралы Мемлекеттік департамент өкілі Мэттьб Миллер хабарлады.

Газаға қыркүйекте түскен көмектің көлемі өткен жыл ішінде ең төмен болды. Гуманитарлық жағдайды бұрынғы қалпына келтіру үшін Израиль бүгіннен бастап 30 күн ішінде нақты шаралар қабылдауға тиіс, - деп жазады Axios басылымы хаттың мазмұны жайлы.

Сондай-ақ бұл хатта американдық көмекті жеткізуге кедергі келтіретін елдерге әскери қолдау көрсетуге тыйым салатын АҚШ заңдары жайлы да айтылған.

Мемлекеттік департамент бұл хаттың құпия сипатта болғанын мәлімдеді.

Хатта Блинкен мен Остин Израильді тәулігіне 350-ден кем емес гуманитарлық көмек жеткізетін жүк көлігін өткізуге, Газаға бесінші жолды ашуға және жедел қажеттілік болмаған жағдайда палестиналықтарды эвакуациялау туралы бұйрық бермеуге шақырды.

Axios басылымының хабарлауынша, қазір Израильдің қауіпсіздік қызметі бұл хатты зерттеп жатыр.

- Израиль бұл мәселені маңызды деп танып отыр және хатта білдірілген алаңдаушылықты американдық әріптестерімізбен талқылауға ниетті, - деп жауап берген басылымға израильдік шенеунік.

Айта кетсек, Израиль билігі Газа секторына гуманитарлық көмек жіберуге кедергі келтірмегендерін айтқан болатын.

Дүйсенбіде Израиль Қорғаныс министрлігі БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасынан жіберілген 30 жүк көлігі Газаның солтүстік бөлігіне «Эрез» бақылау-өткізу пункті арқылы кіргенін хабарлады.

Бұған дейін БҰҰ солтүстікке екі апта бойы азық-түлік көмегі түспегенін мәлімдеген еді. Ұйым сонымен қатар өмірлік маңызды азық-түлік қоры таусылып жатқанын ескертті.

Дереккөз және фото: bbc.com

Байланысты жаналықтар

АҚШ президенті Дональд Трамп Джо Байденге қолдау білдірді

19.05.2025

АҚШ-тың экс-президенті​​​​​​​ Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды

19.05.2025

Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

18.05.2025

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

16.05.2025
MalimBlocks
АҚШ президенті Дональд Трамп Джо Байденге қолдау білдірді

АҚШ-тың экс-президенті​​​​​​​ Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды

Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты