АҚШ Шығыс Еуропадағы 6000 сарбазын ауыстырады

Malim Админ

  • 21.04.2025

АҚШ Қорғаныс министрлігі Шығыс Еуропадағы 6000-ға жуық америкалық сарбаздың жоспарлы ротациясы осы жазда өтетінін мәлімдеді. Бұл шешім Atlantic Resolve («Атлантикалық табандылық») операциясы аясында жүзеге асырылады, - деп жазады DW.


Пентагон мәліметінше, Еуропадағы екі танк бригадасын ауыстыру көзделіп отыр. Атап айтқанда, 1-ші жаяу әскер дивизиясының екі бригадасы Литва, Польша және өзге де өңірлерде қызмет етіп жатқан әріптестерін алмастырады. Жаңа құрамда шамамен 3500 әскери қызметкер бар.

Atlantic Resolve операциясы 2014 жылдан бері жалғасып келеді. АҚШ пен НАТО бұл бастама арқылы Шығыс Еуропадағы одақтастарын қолдап, тұрақтылықты қамтамасыз етуді көздейді.
Дегенмен, Дональд Трамптың Ақ үйге қайта оралуына байланысты, АҚШ-тың Еуропадағы әскери қатысуы қысқаруы мүмкін деген болжамдар жиі айтылуда. Бұған дейін АҚШ

Польшадағы маңызды әскери аэродромнан әскер шығаратынын хабарлаған еді. Алайда ресми Варшава Вашингтон әскерін сақтап қалуға ниетті екенін мәлімдеп отыр.

Қазір Еуропада 78 мыңға жуық америкалық сарбаз бар, оның 37 мыңы Германияда, 10 мыңы Польшада орналасқан.

Фото: DW   

 

Байланысты жаналықтар

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

14.05.2025

Қытай мен АҚШ 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті

12.05.2025

Үндістан мен Пәкістан атысты тоқтату туралы келісімді растады

11.05.2025

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келіссөздері жақсы өтті – Трамп

11.05.2025
MalimBlocks
Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

Ол АҚШ-тың Иллинойс штаты, Чикаго қаласында прокурор көмекшісі қызметін атқарады

Қытай мен АҚШ 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті

Үндістан мен Пәкістан атысты тоқтату туралы келісімді растады

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келіссөздері жақсы өтті – Трамп