Дональд Трамп қастандық шабуылынан кейін не болғанын айтып берді

Оған қарата атылған оқ оның оң құлағын жыртып өткен

Мәди Саматұлы

  • 14.07.2024

Дональд Трамптың Пенсильвания митингісінде оған қастандық жасалды, деп хабарлайды Malim.kz.

BBC орысша қызметінің жазуынша, АҚШ президенттігіне кандидат Дональд Трамптың Пенсильваниядағы сайлауалды митингісінде сөйлеген сөзінде атыс дыбыстары естілген. Ол сөзін тоқтатып, алаңнан беті қан жұққан күйінде кетті.

Оқ атқан адам өлтірілді, одан бөлек, митингте кем дегенде бір адам қаза тапты, деп хабарлады өңір прокуроры.

Кейінірек Трампты қорғауға жауапты құпия қызметтің мәлімдемесі шықты. Онда шабуылдаушы «митинг өтетін орынға жақын биік жерден» мінберге қарай бірнеше рет оқ атқаны айтылған.

АҚШ құпия қызметінің қызметкерлері мергеннің көзін жойды, қорғаныс шараларын тез қабылдады, бұрынғы президент Трамп қауіпсіз. Бір көрермен қаза тауып, екеуі ауыр жарақат алды. Оқиға тергеліп жатыр, деген мәлімдеме таратты.

Ал оқ атқан адамның жеке басы әлі аталмаған.

Трамп оқиғадан соң шамамен 2,5 сағаттан кейін байланысқа шықты.

Маған оқ тиді, оң құлағымның жоғарғы бөлігін тесіп өтті. Мен бірдеңе дұрыс емес екенін бірден түсіндім, ысқырықты, мылтықты естідім және бірден оқтың терімді жыртып өткенін сездім. Қан кете бастады, сондықтан не болып жатқанын тез түсіндім, деді ол.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жағдайды қатаң айыптайтынын мәлімдеп, оның тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Фото: bbc.com

Байланысты жаналықтар

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

14.05.2025

Қытай мен АҚШ 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті

12.05.2025
MalimBlocks
АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

Ол АҚШ-тың Иллинойс штаты, Чикаго қаласында прокурор көмекшісі қызметін атқарады

Қытай мен АҚШ 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті