457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Экс-президент Трамптың сотына куәгер ретінде порноактриса шақырылған

Бейсенбі күні АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамптың сотында порноактриса Сторми Дэниелс куәлік етті.

Трампқа 2016-жылы порноактрисаға заңсыз ақша төледі деген айып тағылған. Бұл туралы ВВС хабарлады.

Мамырдың 7-күні Манхеттан сотында күні бойы куәлік еткен Дэниелс Трамппен 2006-жылы төсек қатынасына түскенін айтқан. Оның сөзінше, Сторми Дэнилес 2016-жылы 130 мың доллар көлеміндегі ақшаны Трамппен он жыл бұрынғы қарым-қатынасын ешкімге айтпау үшін ауызбастырлыққа алған.

Ақшаны экс-президенттің адвокаты берген. 

Трампқа осы ақшаны берерде жалған құжат жасап, заңсыздыққа барды деген айып тағылған. Экс-президент барлық айыпты мойындамай келеді. Ол Дэниелспен жақындығын да жоққа шығарады.

Прокурор куәлік етушіден Трамппен қалай төсектес болғанын «қысқаша баяндауын» сұраған. Порноактриса қызып кетіп, әңгімені экс-президентпен 2006-жылы гольф клубта таныстығынан бастап, онымен қалай жатып-тұрғанын тәпіштеп суреттеген. 

Сотта Трамп ара-кідік Дэнилеске қарап отырған. Дэнилес болса, айыпталушыға мойын да бұрмаған.

Фото: REUTERS REUTERS