Грузияда полиция наразылық білдірушілерді күшпен таратып жатыр

Алты күн бойы наразылық шерулерінде 293 демонстрант әкімшілік қамауға алынды

Malim Админ

  • 04.12.2024

Арнайы күштер Грузия парламенті ғимаратының маңында наразылық білдірушілерді таратып жатыр. Қауіпсіздік күштері көзден жас ағызатын газ қолданды, ал шерушілер баррикадалар тұрғызды, деп хабарлайды DW ақпарат агенттігі.


Грузияда елдің еуроинтеграция курсына оралуын талап еткен жаппай наразылық шерулері алтыншы күн қатарынан жалғасып жатыр.

Сейсенбі күні кешке арнайы жасақ парламент ғимараты маңындағы наразылық білдірушілерді тарата бастады. Дауыс зорайтқыштардан тарауға, күш құрылымдарының жұмысына кедергі жасамауға шақырулар естіледі.

Полиция көзден жас ағызатын газ қолданып, демонстранттарды ұстауда, ал наразылық білдірушілер баррикадалар тұрғызып, от жақты. Кейбір наразылық білдірушілер пиротехникалық заттарды пайдаланып жатыр.

Осы арада Грузияның ІІМ мәлімдеуінше, кейбір шерушілердің әрекеті «жиналыстар мен шерулер туралы заңда белгіленген шектен асып кетті». Ішкі істер министрінің орынбасары Александр Дарахвелидзенің айтуынша, шерулерде «заңсыз әрекеттер жасаған бірнеше агрессивті топ анықталды».

- Жоғарыда аталған зорлық-зомбылық пен агрессивті әрекеттер ІІМ-нің 143 қызметкері түрлі ауыр жарақат алды, - деді Дарахвелидзе.

Оның айтуынша, бес адам қамауға алынған. Алты күн бойы наразылық шерулерінде 293 демонстрант әкімшілік қамауға алынды.

Өз кезегінде грузин құқық қорғаушылары қауіпсіздік күштерінің тұтқындарға жасаған аяусыз әрекеті туралы хабарлайды.

Осыған дейін Грузиядағы шерулер кезінде 100-ден аса адам қамауға алынып, 10 полицей жарақат алғаны туралы жаздық. 

Тбилисидегі шерудің үшінші күнінде 44 адам жарақат алды. 

Фото: belsat.eu

 

Байланысты жаналықтар

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

16.05.2025

Әлемдегі ең кедей президент қайтыс болды

14.05.2025

АҚШ пен Қытайдың салық келісімінен соң акциялар қымбаттады

13.05.2025

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025

Израильдің Газаға жасаған шабуылынан 10 палестин азаматы қаза тапты

11.05.2025

Польшада мыңдаған адам заңсыз көші-қонға қарсы митингке шықты

11.05.2025
MalimBlocks
Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

Әлемдегі ең кедей президент қайтыс болды

АҚШ пен Қытайдың салық келісімінен соң акциялар қымбаттады

Тізімде ең бірінші 8% өсіммен Amazon және Meta тұр

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

Израильдің Газаға жасаған шабуылынан 10 палестин азаматы қаза тапты

Польшада мыңдаған адам заңсыз көші-қонға қарсы митингке шықты

Олар президенттікке үміткер Кароль Навроцкийдің есімін айтып ұрандатты