Израиль «Хезболла» ұйымына қарсы құрлық операциясын бастады

Кеше Израильде әскери министрлер кабинетінің отырысы өтті

Malim Админ

  • 01.10.2024

Израиль армиясы дүйсенбі күні Ливанның оңтүстігінде орналасқан шекаралық аудандардағы ливандық «Хезболла» тобының нысандарына «шектелген операция» бастағанын хабарлады, деп жазады kaz.inform.kz BBC News-ке сілтеме жасап. 


«Бірнеше сағат бұрын ЦАХАЛ Ливанның оңтүстігіндегі «Хезболланың» лаңкестік орындары мен инфрақұрылымына қарсы нақты барлау ақпаратына негізделген шектеулі және мақсатты жерүсті рейдтерін бастады. Бұл нысандар шекараға жақын ауылдарда орналасқан және Израильдің солтүстігіндегі израильдік қауымдастықтарға тікелей қауіп төндіреді», - делінген ЦАХАЛ мәлімдемесінде.

Дүйсенбі күні Израиль үнемі «Хезболла» содырларының атқылауына ұшырайтын елдің солтүстік аймақтарын қорғау үшін Ливан шекарасында құрлықтағы операцияға дайындалып жатқаны туралы хабар тарады.

Дүйсенбі күні кешке Израильде әскери министрлер кабинетінің отырысы өтті. Израильдік БАҚ-тың хабарлауынша онда Хезболлаға қарсы операцияның келесі кезеңі бекітілді. АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Мэттью Миллер брифингте Израиль билігі Вашингтонды «бірқатар операциялар» жасалатыны туралы соның ішінде Ливандағы жерүсті операциялары туралы хабардар еткенін айтты.

Дүйсенбі күні Йоав Галант Ливан шекарасына жақын жиналған әскерлерге қарата сөйлеген сөзінде:

«(Хасан) Насралланы жою маңызды қадам, бірақ соңғы емес. Солтүстік тұрғындарын аман-есен үйлеріне қайтару үшін біз сіздерді қоса алғанда, барлық мүмкіндігімізді пайдаланамыз», - деді.

Дүйсенбі күні кешке ИСД Израильдің Ливанмен шекарасындағы аумақты кіруге тыйым салынған жабық әскери аймақ деп жариялады. Бұл аймақ шекарадағы салыстырмалы түрде шағын жер, яғни ол үш жағынан Ливан территориясымен қоршалған.

«Хезболла» жетекшісінің орынбасары Наим Кассем бұл топтың Израиль шабуылына дайын екенін айтты. Ол ұйымның басшысы Хасан Насралла мен бірқатар жоғары лауазымды қолбасшыyың қазасы топ үшін күшті соққы болғанын мойындады, бірақ оның әскери мүмкіндіктері өзгеріссіз қалғанын атап өтті.

Фото: x.com/orielishamiller  

Байланысты жаналықтар

Әлемдегі ең кедей президент қайтыс болды

14.05.2025

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

12.05.2025

Израильдің Газаға жасаған шабуылынан 10 палестин азаматы қаза тапты

11.05.2025

Польшада мыңдаған адам заңсыз көші-қонға қарсы митингке шықты

11.05.2025

Әлемдегі ең бақытты қала аталды

09.05.2025

Қазақстанда алғаш рет қашықтан басқарылатын робот арқылы ісік алып тастау отасы жасалды

08.05.2025
MalimBlocks
Әлемдегі ең кедей президент қайтыс болды

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

Израильдің Газаға жасаған шабуылынан 10 палестин азаматы қаза тапты

Польшада мыңдаған адам заңсыз көші-қонға қарсы митингке шықты

Олар президенттікке үміткер Кароль Навроцкийдің есімін айтып ұрандатты

Әлемдегі ең бақытты қала аталды

Әлемдегі ең бақытты қалалардың рейтингі жарияланды

Қазақстанда алғаш рет қашықтан басқарылатын робот арқылы ісік алып тастау отасы жасалды