Курск облысында Украина шабуылынан кейін жоғалған адамдар көбейді

Курск облысының тұрғындары шекараға жақын елді мекендерде тұратын жақындарымен байланыса алмай қалды. Хабарсыз кеткендердің дені – егде жастағы адамдар. Шекарада қызмет еткен сарбаздардың да отбасы жақындарын таба алмай отыр.

  • 13.08.2024

Ресми органдардың хабарлауынша, Украина басып алған 28 ауылда тұратын 2 мыңға жуық тұрғын қазіргі уақытқа дейін хабар-ошарсыз. Бұның сыртында, шабуыл кезінде шекарада жүрген ресейлік сарбаздар тағы бар.

Бүгінде жоғалғандардың туыстары мен еріктілер іздеу жұмыстарына кіріскен. Бірақ олар жайлы ақпарат тым аз.
 

11 айдан 101 жасқа дейін

Курскінің «ЛизаАлерт» іздеу тобына соңғы күндері хабар-ошарсыз кеткендерге қатысты 222 өтініш түскен. Өтініштің басым бөлігі украиналықтар тарапынан алғаш шабуыл жасалған Курск облысының Суджан ауданына тиесілі.

«ЛизаАлерт» мәліметінше, жоғалғандардың ең кішісі 11 айлық сәби болса, ең үлкені 101 жастағы қария. Курск облысы губернаторының міндетін атқарушы Алексей Смирнов президент Владимир Путинмен кездесуде 28 елді мекенде 2 мыңға жуық адам тұратынын айтқан. Жергілікті тұрғындармен қатар, Ресейдің әртүрлі аймағынан келген ата-аналар да осы өңірде әскери қызметте жүрген балаларын іздей бастаған.

Әзірге, Ресей Қорғаныс министрлігі жоғалған адамдардың нақты саны жайлы ақпарат таратпады. Тұтқынға түскендер туралы Укриана тарабы да ләм-мим демеді. Әлеуметтік желідегі жазбаларға қарағанда, ондаған адамға іздеу салынған.
 

Танкпен атып жатыр

Тамыздың 3-күні Ресей мен Украина шекарасында әскери борышын өтеп жүрген 22 жастағы ресейлік сарбаз Данила Колесников жақындарына қоңырау шалып, оқтың астында қалғанын айтқан.

Ол сүйіктісі Анастасия Ч-ға украиналықтар танктен атып жатқанын хабарлаған. Сыктывкардан келген Ирина да туған жиені Павелмен байланысын жоғалтқанын мәлімдеді. Павел 2023 жылдың желтоқсанында әскерге аттанып, бастапқыда Брянскіде болған. Одан кейін бірден Суджан ауданына ауыстырылған. Павел соңғы рет 5 тамыз күні сағат 17:50-де байланысқа шығып, соңынан хабарсыз кеткен. Әпкесінің айтуынша, туыстары әскери комиссариатқа да, әскери бөлімнің қолбасшылығына да жүгінген.

Бірақ әзірге нақты бір нәтиже болмай жатыр. Курскдегі "ЛизаАлерт" іздеу тобының «ВКонтакте» парақшасында осынған дейін жоғалған бейбіт тұрғындар туралы бірнеше хабарландыру жарияланды. Тағы бір жергілікті топта мұндай хабарламалар жиі жарық көруде.

Мұндай ақпараттың көбі негізінен 7-9 тамыз аралығындағы украиндардың шабуылынан кейін пайда болған. Сондай-ақ, жоғалған тұрғындардың басым көпшілігі 70 жастан асқандар.

Айта кетейік, 7-тамызда Украина әскері Ресейдің Курск облысына шабуыл жасап, бірнеше елді мекенді басып алды. Ал Украина қарулы күштерінің қолбасшысы Александр Сырский Ресей жерінің 1000 шаршы шақырым жеріне дендеп кіргенін мәлімдеді.

Фото: ВВС Материал

ВВС ақпараты негізінде аударылып, дайындалды.

Байланысты жаналықтар

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025
MalimBlocks
АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті