Мұнай 4 жылдан бері алғаш рет 64 долларға дейін арзандады

Арман Қайыпхан

  • 04.04.2025

Жұма күні сауда барысында мұнай бағасының құлдырауы 7%-дан асты. Brent маркалы мұнай бағасы тамыз 2021 жылдан бері алғаш рет $65-тен төмен түсті, деп хабарлайды Malim.kz Интерфаксқа сілтеме жасап.

Лондондағы ICE Futures биржасындағы маусымдық фьючерстердің құны Мәскеу уақытымен 14:30-да $64,73 құрап, алдыңғы сауда жабылған кездегі бағадан $5,41 (7,71%) төмен болды.

Нью-Йорк тауар биржасындағы (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың мамыр айындағы фьючерстері $5,63-ке (8,41%) арзандап, бір баррель үшін $61,32-ні құрады.

Бұл екі мұнай түрі соңғы алты айдағы ең үлкен апталық құлдырауды тіркеді. Brent үшін бейсенбідегі баға құлдырауы тамыз 2022 жылдан бергі ең ірі төмендеу болса, WTI үшін – шілде 2022 жылдан бері ең үлкен құлдырау.

Нарықтың негізгі факторлары

Goldman Sachs сарапшылары мұнай бағасы бойынша болжамдарын қайта қарап, 2024 және 2025 жылдарға арналған бағамды төмендетті. Олардың пікірінше, сауда соғыстарының күшеюі жаһандық сұраныстың әлсіреуіне әкеледі. Сонымен қатар, ОПЕК+ елдерінің өндірісті ұлғайтуы нарықтағы ұсынысты арттырып, бағаға қысым көрсетіп отыр.

Фото: Joe Raedle/Getty Images

Байланысты жаналықтар

Мұнайдың әлемдік бағасы күрт өсті

12.05.2025

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келіссөздері жақсы өтті – Трамп

11.05.2025

Мұнай бағасы құлдырады. ОПЕК+ Ресейді дағдарысқа әкеле ме?

10.05.2025

Елімізде концерт пен театр билеттері қымбаттайды

05.05.2025

Үкімет басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты талқылады

21.04.2025

Мәсімовтің сатылымға шығарылған зәулім сарайының бағасы арзандады

21.04.2025
MalimBlocks
Мұнайдың әлемдік бағасы күрт өсті

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келіссөздері жақсы өтті – Трамп

Мұнай бағасы құлдырады. ОПЕК+ Ресейді дағдарысқа әкеле ме?

АҚШ, Бразилия, Иран сияқты елдер өндірісті ұлғайтып отыр

Елімізде концерт пен театр билеттері қымбаттайды

Үкімет басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты талқылады

Мәсімовтің сатылымға шығарылған зәулім сарайының бағасы арзандады

Алғашқы жарнасы 117,9 млн теңге