Трамп: Жеңілсем, кандидат болмаймын

Жексенбі күні АҚШ-тың бұрынғы президенті және биылғы кандидат Дональд Трамп алдағы сайлауда жеңілісе, одан кейін президенттікке үміткер болмайтынын айтты.

Malim Админ

  • 23.09.2024

Sinclair Media Group журналисі одан «Камала Харристен жеңіліп қалса, 2028 жылы президенттікке оралуға әрекет жасайсыз ба?» сұрады. "Жоқ. Сонымен барлығы бітеді деп ойлаймын",-деді 78 жастағы Трамп. 

Бірақ ол бәскеден оңайлықпен берілмейтінін де жеткізді. АҚШ заңы бойынша адам екі реттен артық президент бола алмайды. Сондықтан, жеңіске жеткен жағдайда, Трамп 2028 жылы қайта сайлауға түсе алмайды. Бұрын Трамп сайлауда жеңілуі мүмкін екеніні өте сирек айтатын. Ол әрдайым өз жақтастарының алдында да, әлеуметтік желілердегі жазбаларында да, алдағы жеңісі туралы сенімді сөйлейтін. Бірақ, соңғы төрт күндікте ол ұтылу мүмкін екенін екі рет сөз етті. Бірінші рет бейсенбі күні, Израиль-Америка Кеңесінің іс-шарасында айтты. Егер ол жеңіліп қалса, ондағ оған америкадағы еврейлер кінәлі болады деп мәлімдеді. «Егер мен бұл сайлауда жеңіске жетпесем, олар не болатынын түсіне ме екен өзі?», - деді Трамп.

- Еврейлердің бұған тікелей қатысы болады. Өйткені, 40% қолдау берсе, демек, олардың 60% жауға дауыс береді дегенді білдіреді!» Бұл мәлімдемені Камала Харристің сайлауалды штабы мен партиядан тыс ұйымдар айыптады. Айыптағандар – америкалық еврей комитеті мен диффамацияға қарсы лига. 
Трамптың мұндай пікір айтуына Камала Харристің жақсы көрсеткіштеріне байланысты болуы мүмкін. Дегенмен, көптеген көрсеткіштер бойынша екі үміткер әлі де тең түсіп тұр. Тамыз айында Харрис өз сайлау компаниясына 190 миллион доллар жинады. Ал, Трамп болса, 130 миллион. 

Би-Би-си қадағалайтын жалпыұлттық сауалнамалардың орташа нәтижелері Харрис Трамптан сәл озып кеткенін көрсетеді. Жексенбіде CBS жариялаған соңғы Ұлттық сауалнамада Харрис 52%, Трамп 48% жинады. 

“Құбылмалы штаттарда" Харрис 51% көш бастап тұр: Трампта көрсеткіш 49%. Айырмашылық аз болғанмен, Харрис тамыз айымен салыстырғанда, позициясын күшейтті. Сол кезде CBS-тің ұқсас сауалнамасы абсолютті теңдікті көрсет көрсетіп еді. 50:50. 

Жексенбіде жарияланған NBC телеарнасының ұлттық сауалнамасы нәтижесінде, Харрис Трамптан 5%-ға озып кеткен. Сауалнамаға қатысқандардың 48% Харриске оң көзқараста екенін көрсетті. 

Шілдеде, кампанияны алғаш бастағанда, Харристің қолдаушылары 32% болды. Кезінде, мұндай сайлауда басымдылыққа Джордж Буш қол жеткізген еді. Бұл 2001 жылғы 11 қыркүйектегі терактан кейін болған. 

ВВС Трамптың сайлауалды штабына соңғы сауалнамаларға түсініктеме беруін сұрап, сауал жолдады. 

Трамп бұл нәтижелер жайлы жиі айтады. Ол өзі көш бастаған басқа да көрсеткіштерге назар аудару керек деп есептейді.

Фото: ВВС

Автор: ВВС материалы негзінде әзірлеген - Айкөркем Сағат
 

Байланысты жаналықтар

Үндістан мен Пәкістан атысты тоқтату жөнінде келісімге келді - Трамп

10.05.2025

«Бұл өте символикалық кездесу болды». Зеленский мен Трамп Римде не жайлы сөйлесті

27.04.2025

Эммануэль Макрон: АҚШ ашуын Путинге бағыттауы тиіс

25.04.2025

Трамп Ресейге қарсы санкцияларды тағы бір жылға ұзартты

13.04.2025

Қытай сауда соғысында АҚШ-ты жеңуге шамасы жете ме?

07.04.2025

АҚШ-та Трампқа импичмент жариялау ұсынылды

06.04.2025
MalimBlocks
Үндістан мен Пәкістан атысты тоқтату жөнінде келісімге келді - Трамп

«Бұл өте символикалық кездесу болды». Зеленский мен Трамп Римде не жайлы сөйлесті

Эммануэль Макрон: АҚШ ашуын Путинге бағыттауы тиіс

Франция президенті Путиннің жалған сөйлеп отырғанын айтты

Трамп Ресейге қарсы санкцияларды тағы бір жылға ұзартты

Қытай сауда соғысында АҚШ-ты жеңуге шамасы жете ме?

АҚШ-та Трампқа импичмент жариялау ұсынылды

АҚШ-тың демократ-конгрессмені Эл Грин қазіргі президент Дональд Трампқа импичмент жариялау рәсімін бастауды ұсынды