Зеленский Солтүстік Корея Украинаға қарсы соғысуға әскер жібергенін айтты
Ресей мен Солтүстік Корея арасында әскери одақ күшейіп келе жатыр
Солтүстік Корея Ресейге қару-жарақ жеткізіп беріп отыр, сондай-ақ өзінің азаматтарын ресейлік әскер қатарында Украинаға соғысуға жіберген.
Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский телеарна арқылы жасаған кешкі үндеуінде мәлімдеді.
Біз Ресей мен Солтүстік Корея арасында әскери одақтың күшейіп келе жатқанын көріп отырмыз. Бұл қазір жай ғана қару-жарақ беру емес. Солтүстік Кореядан әскери күш ретінде адамдарды жіберу туралы сөз болып тұр, - деді Зеленский.
Сонымен қатар ол Украинаның серіктестермен қарым-қатынасын ары қарай дамыту қажет ететінін айтып өтті.
Мұндай жағдайда Украина өзінің серіктестерімен қарым-қатынасты ары қарай дамытуы қажет. Майданға аса үлкен қолдау керек, - деді Украина президенті.
Бұған дейін британдық The Times Солтүстік Кореяның Ресейге шамамен 3 миллион артиллериялық снарядтардың жартысын Ресейге жеткізіп беріп отырғаны туралы жазған болатын.
Ал The Guardian басылымы украиналық дереккөздерге сілтеме жасап, Солтүстік Кореяның әскери инженерлері Ресей әскеріне Украинаға KN-23 зымырандарымен соққы жасауға көмектесіп жатқанын хабарлаған.
The Washington Post басылымы да КХДР-дың әскерилері РФ жағында соғысып жүргенін жазды. Сондай-ақ «Радио Свобода» Солтүстік Кореяның тағы бірнеше мың әскери қызметкері осы мақсатта арнайы дайындықтан өтіп жатқанын ескертті.
Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрі Ким Ён Хен Солтүстік
Корея Ресейге көмекке әскер жіберді деген ақпарат рас болуы мүмкін деді.
Ал Ресей Федерациясы президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мұның барлығы кезекті жалған ақпарат екенін айтты.
Фото: euronews.com