Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыдағы көлік апаты: Кінәлі жүргізуші 2 ай үйқамақта болады

Құқық
Алматыдағы көлік апаты: Кінәлі жүргізуші 2 ай үйқамақта болады

Алматыдағы Мақатаев пен Масаншы көшелерінің қиылысындағы автобус апатына күдікті деп танылған жеңіл көлік жүргізушісі Анель Сартаева тергеу уақытында үй қамағында болады, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Анель Сартаеваның адвокаты Қанат Алсейіт өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. 

Ол бұған дейін жеңіл көлікті басқарған әйелдің тергеу кезінде тергеу изоляторына 2 айға орналастырылғанын және Анель Сартаеваның 4 айлық баласы бар екенін жазған болатын.

Апелляция өтті. Қалалық сот жеке шағымды объективті және жан-жақты қарады. Бұрын таңдалған қамауда ұстау түріндегі шара жойылды. Жеке шағым толығымен қанағаттандырылды. Ол тергеу кезеңінде үй қамауында болады және баласына қамқорлық жасай алады, - деп жазды адвокат. 

Еске салайық, 26 маусым күні Алматыда автобус апатқа ұшырап, бір адам қаза тапқан болатын.

Фото: tengrinews.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу