Қазақстанға ең көп турист қай елдерден келген?

Былтыр елге 15,3 млн шетелдік қонақ келген

Сұлу Бөлек

  • 21.04.2025

Былтыр Қазақстанға жұмыс бабымен немесе тұрақты тұруға келгендерді есептемегенде, туристік мақсатпен 15,3 млн шетелдік қонақ келген. Оның ішінде 10,4 млн адам елде бір күннен көп уақытқа қалып, шетелдік туристер санатына енді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Ресми статистикаға сәйкес, шетелдік меймандардың елімізде орташа болу мерзімі – 4 күн.

ТМД елдерін есепке алмағанда, Қазақстанға ең көп турист келген елдердің тізімі төмендегідей:

Бірінші орын — Қытай
2024 жылы Қазақстанға 655 мың Қытай азаматы келген. Екі ел арасында визасыз режимнің енгізілуі мен әуе қатынасының ұлғаюы туристер санының айтарлықтай артуына ықпал етті.

Екінші орын — Үндістан
Былтыр 146 мың үндістандық турист келген. Елдер арасындағы тікелей әуе рейстері, визалық режимнің жеңілдеуі және туристік бағыттардың дамуы Үндістан азаматтарының елімізге деген қызығушылығын арттырып отыр.

Үшінші орын — Түркия
Қазақстанға 130 мың түрік азаматы саяхаттаған. Бұған тұрақты әуе қатынасы мен мәдени-іскерлік байланыстардың нығаюы әсер етіп жатыр. 

Төртінші орын — Германия
2024 жылы елімізге 92 мың германиялық турист келген. Олар Қазақстанның этнотуризм, табиғи және мәдени нысандарына ерекше қызығушылық танытып жатыр.

Бесінші орын – Оңтүстік Корея
Былтыр Оңтүстік Кореядан Қазақстанға 40 мыңға жуық турист келген. Таңғы шық елінен келетін туристер ағыны жыл сайын тұрақты түрде өсіп келеді. Бұған екі ел арасындағы тікелей әуе рейстерінің қолжетімдігі, визалық режимнің жеңілдеуі, сондай-ақ Қазақстанның табиғатына, ұлттық тағамдары мен мәдени мұрасына деген қызығушылықтың артуы оң әсерін тигізіп жатыр. 

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек

15.05.2025

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Зеленский Анкараға жетті

15.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025

Түркияда бір түнде үш рет жер сілкінді

13.05.2025

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

13.05.2025
MalimBlocks
Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Зеленский Анкараға жетті

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады

Түркияда бір түнде үш рет жер сілкінді

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты