ШЫҰ саммиті несімен ерекшеленді? 

Астанада өткен Шанхай Ынтымақтастық ұйымының саммиті аяқталғаннан кейін шетелдік БАҚ басқосуда айтылған мәселелер туралы жаза бастады. «ШЫҰ плюс» форматында өткен саммитте ҚХР төрағасы, Түркия, Беларусь, Ресей, Өзбекстан, Моңғолия, Тәжікстан елдерінің президенттері сөз сөйлеген болатын. 

  • 05.07.2024

Қазақстан ШЫҰ-на 2023 жылдың шілде айынан бері төрағалық етті. Бұл жетекшілік Қазақстанға ұйым құрылғалы бері төртінші рет тиіп отыр. Өткен жылы төрағалық тізгіні елімізге берілер тұста Қасым-Жомарт Тоқаев негізгі мақсат дипломатиялық бағытта жүретінін атаған. 
Бұл жолы Тоқаев Астанадағы үлкен басқосудан кейін конструктивті диалог үшін алғысын айтты. Ал ШЫҰ бас хатшысы ұйымға төрағалық ету эстафетасы Қытайға табысталатынын жеткізді. 

Сондай-ақ, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Астанада өткен саммитінде Беларусь мемлекеті ұйымның толыққанды қатысушысы ретінде тіркелді.

"Беларусь ШЫҰ-на толыққанды мүше болу жолында қажетті рәсімдерді орындады",- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.  

Жалпы саммит барысында көтерілген мәселелер туралы отандық және әлемдік БАҚ Астанадағы басқосу туралы, оның ішінде көшбасшылардың сөзін жаза бастады. 
Қазақстандық БАҚ ішінде Kazinform ақпарат агенттігі Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шанхай ынтымақтастық ұйымының халықаралық аренадағы рөліне айрықша тоқталғаны туралы жазды.  
Онда президент Біріккен Ұлттар Ұйымының 80, сондай-ақ ШЫҰ мен БҰҰ ынтымақтастығының 20 жылдығына қарай «Әділ әлем, келісім және даму жолындағы жаһандық бірлік туралы» бастаманы қолдау үшін БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясын қабылдауды ұсынғаны айтылған. 
ТАСС агенттігі жазған мақалада Ресей Федерациясының президенті өздерінің лаңкестікпен күрестегі серіктерінің кім екенін айтқан. 
«Жалпы, біз "Талибан" қозғалысын елдегі (Ауғанстан – ред.) билікті басқарады деп ойлауымыз керек. Бұл тұрғыда Талибан біз үшін терроризмге қарсы одақтастар", - деді Путин. 
Ол Ауғанстандағы тұрақтылыққа да мүдделі екендігін алға тартқан. 

"Біз Талибан қозғалысының мұндай ұсынысын бірнеше рет алдық. Олар бізбен лаңкестікке қарсы істе де жұмыс істеуге дайын", - деп жазды ТАСС Путиннің сөзін.

Путиннің тәліптермен ортақ мүддесі туралы «Неміс толқыны» басылымы да жазып отыр. Аталған басылым Ресей ішінде тыйым салынған қозғалыспен лаңкестікке қарсы әрекет етуде одақтас екенін атады. 
Сондай-ақ, РИА Новостидің жазуынша, Астанадағы ШЫҰ саммиті кезінде Ресей мен Қытай басшыларының өзара кездесуінде Қытайда Украина туралы саммит өткізу мәселесі қаралмаған. Бұл туралы сауалға РФ президентінің баспасөз хатшысы жауап берді.

Айта кететін жайт, ШЫҰ-ның келесі саммиті 2025 жылы Қытайда өтеді.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Қазақ тарихындағы жылан жылы. 2025 жылдан не күтеміз?

31.12.2024

Қанат Бозымбаев ТЖМ, ІІМ және әкімдіктердің мереке күндеріндегі қауіпсіздікке дайындығын тексерді

09.12.2024

Еліміздегі жолдардың сапасы сын көтере ме? Мониторинг жүргізілді

02.12.2024

Сириядағы соғыс: Асад жанталасуда. Бірақ…

02.12.2024

Елімізде 26 млн ұялы байланыс абоненті бар – Статбюро

30.11.2024

Қыркүйектің басынан елімізде 7 әскери қызметші мерт болды - журналист

14.10.2024
MalimBlocks
Қазақ тарихындағы жылан жылы. 2025 жылдан не күтеміз?

Жыл жағымды жаңалықпен басталады

Қанат Бозымбаев ТЖМ, ІІМ және әкімдіктердің мереке күндеріндегі қауіпсіздікке дайындығын тексерді

Мереке қарсаңында ІІМ мен ТЖМ қызмет көрсетудің күшейтілген жұмыс режиміне көшуде

Еліміздегі жолдардың сапасы сын көтере ме? Мониторинг жүргізілді

Мониторинг қатысушыларының 60% астамы сапасыз жол кесірінен өзі немесе жақындары апатқа түскенін айтқан

Сириядағы соғыс: Асад жанталасуда. Бірақ…

Сирияның “Хаят Тахрир аш-Шам” бастаған антиүкіметтік құрылымдары Мәскеу мен Асад режиміне нағыз “блицкригтің қандай болатынын” көрсетіп бағуда.

Елімізде 26 млн ұялы байланыс абоненті бар – Статбюро

Оның 18,7 млн-ы интернетке қосылған

Қыркүйектің басынан елімізде 7 әскери қызметші мерт болды - журналист