Теміртауда полиция қызметкерлері ұсталды

Malim Админ

  • 25.02.2020

Теміртау қаласында полиция қызметкерлері ұсталып, бірнеше лауазымды қызметтегі полиция мамандары жұмыстарынан шығарылды. Бұл туралы МӘЛІМ сайтының Қарағандыдағы тілшісі хабарлайды. 

"Арселор Миттал Теміртау" компаниясының басшылығы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне "Теміртау полициясы цехтан ұрланған металлға қатысты қылмысты ашпай отыр" деп шағым түсірген. Көп ұзамай ІІМ тергеу оперативтік  тобы компанияның цехынан металлды қолды еткен қылмыстық топты құрықтаған.

Олар бұл ұрлықпен бірнеше ай бойы айналысқан, әрі бір күнде шамамен 16 млн теңгеге бағаланған металл алып шығып отырған. Ірі көлемдегі ұрлыққа Теміртау қаласы полиция басшылығы көз жұма қараған.

Қарағанды облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, қызметтік тексерістен кейін бірнеше полиция мамандары жазаға тартылды. Теміртау қаласы полиция басқармасының бастығы және Теміртаудағы Шығыс полиция бөлімінің бастығы лауазымдарынан босатылған. Сонымен қатар Теміртау полиция басқармасы бастығының оперативтік жұмыс жөніндегі орынбасары ескерту алса, облыстық Полиция департаменті бастығының екі орынбасарына қатаң сөгіс жарияланған. 24 ақпанда Теміртау қалалық сотының санкциясымен Шығыс полиция бөлімі бастығының орынбасары екі айға қамауға алынған. Полиция бастығының орынбасарына ұрлыққа қатысы бар деген күдік тағылуда.

Malim.kz тілшісі жазаланған қызметкерлердің аты-жөнін білмек болып облыстық Полиция департаментіне хабарласты. Департаменттің баспасөз қызметі ақпаратты растағанмен, заңға сәйкес ұсталғандардың аты-жөндерін айта алмайтындарын мәлімдеді.

Айта кету керек, әлеуметтік желідегі patriotkaragandy (instagram) парақшасы Теміртауда басы дауға қалған полиция қызметкерлерінің аты-жөндерін жариялады. Онда Теміртау полиция басқармасының бастығы Әлібек Молдабеков және Теміртау қаласының Шығыс полиция бөлімінің бастығы Есенбеков лауазымынан босатылғаны жазылған.

Арай ЕРКЕБАЕВА

Байланысты жаналықтар

"Адам зорлауға оқталды". Қарағанды облысында ауыл әкімі қамауға алынды

12.05.2025

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

07.05.2025

Қарқаралы орманында алапат өрт болды

28.04.2025

Қарағанды облысында полиция басшысы қаза болды

21.04.2025

Үйде оқитын 14 мүгедек бала жәрдемақы алмаған

17.04.2025

Теміртаудағы зейнеткерді қатыгездікпен соққыға жыққан жасөспірімдер қамауға алынды

08.04.2025
MalimBlocks
"Адам зорлауға оқталды". Қарағанды облысында ауыл әкімі қамауға алынды

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

Қарқаралы орманында алапат өрт болды

Қарағанды облысында полиция басшысы қаза болды

Үйде оқитын 14 мүгедек бала жәрдемақы алмаған

Өтемақының мөлшері оқу жылына 10 айлық есептік көрсеткіш

Теміртаудағы зейнеткерді қатыгездікпен соққыға жыққан жасөспірімдер қамауға алынды

Теміртауда зейнеткердің пәтеріне алдап кіріп, қорлық көрсеткен жасөспірімдер қамауға алынды