Зеленский Ресейдің екінші бейбіт саммитке қатысуы туралы айтты

Ресейді Украинадағы жағдайды реттеуге арналған екінші бейбіт саммитке қатысуы тиіс. Себебі, жағдайды реттеуді әлемнің көптеген елдері қолдап отыр. Бұл туралы Украина Президенті Владимир Зеленский фрациялық журналистерге берген сұқбатында айтты.

Malim Админ

  • 01.08.2024

Швейцарияда өткен бірінші жаһандық бейбітшілік Саммитіне Ресей шақырылған жоқ. Кремль өкілдері болса, аталған жиынның «бейбітшілікке бастауы мүмкін емес» деп мәлімдеді. Сөзінше, оған қатысушылар Ресей қойған талаптарды талқыламайды.

Өткен Саммитте Украина өзінің бейбіт жоспарын ұсынды. Онда Ресей басып алған Украинаның шығыс аумағынан орыс әскерлерін шығару, әскери қылмыскерлерді жазаға тарту және өтемақы төлеу талаптары кіреді. Ал ресми Мәскеу керісінше, Ресей құрамына қосып алған аймақтардан Украина әскерін шығарғанға дейін соғысты тоқтатпайтынын алға тартқан.

"Қазір әлемнің көптеген елдері екінші рет өтетін Саммитке Ресей қатысуы керек деп санайды. Әйтпесе, бұл басқосу нақты нәтиже бермейді. Күллі ғалам олардың Саммитке қатысқанын қалағандықтан, біз бұған қарсы бола алмаймыз", деді Зеленский франциялық БАҚ-тарға берген сұхбатында.

Зеленский жақында Украинаның шығысына барған сапары туралы да сұхбат барысында айтып өтті.

Зеленский тағы не айтты?

Бұл туралы француз тілінде шығатын "le monde" басылымы жазды.

Моблизация туралы

"Әскерге шақыру бойынша ең төменгі жас мөлшері төмендеді. Әскери қолбасшылық соғысқа сарбаздарды жұмылдыру қарқыны арта түскенін мәлімдеді. Майдан даласында әлі де адам санының аздығы сезіледі. Себебі, оларды әскерге шақырғаннан кейін оқыту керек. Біз Ресей емеспіз ғой. Ресейде көптеген сарбаздар жеті күндік жаттығудан соң бірден соғысқа жіберіледі. Украинада әскерге алынғандар кем дегенде екі ай жаттығуы керек", - деді Зеленский.

Украинаның аумақтық тұтастығын қалпына келтіру

Әділ әлем Украинаның аумақтық тұтастығын қалпына келтіруіне ықпал етуі тиіс. Бірақ бұл тек соғыспен қол жеткізу керек дегенді білдірмейді. Бүкіл әлем біздің шекаралық аумақтарға қол сұғылмауы үшін Путинді тоқтатуға мүдделі. Путиннің соғысқа деген құлшыны басылмауы себепті әскеріміз майдан даласында жүр. Егер олар қаласа, біз мәселені дипломатиялық жолмен шеше аламыз, - деді Зеленский.

Жауланған жерді беруге көндігуге қатысты

Украинаның аумақтық тұтастығына қатысты кез келген мәселені украин халқынсыз бір адам, бір президент немесе әлемнің барлық президенттері жабылып шеше алмайтынын түсінуіміз керек. Бұл ешқашан мүмкін емес. Әрі Украина Конституциясына да қайшы. Біз ешқашан өз жерімізден бас тартпаймыз. Биліктің өз аумағын өзге елге беруге ресми құқығы жоқ. Украин халқы да осыны қалайды.

Фото: "Америка дауысы"

bbc.com материалы негізінде аударылды 

Байланысты жаналықтар

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025
MalimBlocks
АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті