АҚШ президенті Donald Trump денсаулығының жағдайы «өте жақсы» деп бағаланды, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.
Ақ үй жариялаған президенттің дәрігері Шон Барабелланың медициналық қорытындысына сәйкес,
Трамптың жүрек-қан тамырлары жүйесі, өкпесі, жүйке жүйесі және жалпы физикалық жағдайы жақсы деңгейде. Сондай-ақ оның когнитивтік және физикалық көрсеткіштері жоғары екені атап өтілген. Қорытындыда президенттің мемлекет басшысы әрі қарулы күштердің бас қолбасшысы міндеттерін толық атқара алатыны көрсетілген.
Сонымен қатар дәрігер Трампқа дене белсенділігін арттырып, артық салмақтан арылуға кеңес берді. Соңғы бір жылда оның салмағы 101,6 келіден 108 келіге дейін өскен. Бойы – 191 сантиметр. Осыған байланысты оған арнайы диета ұстану және аз мөлшерде аспирин қабылдау ұсынылған.
Медициналық есепте президенттің қолының сыртқы бөлігінде көгерген із бен тітіркену байқалғаны да жазылған. Дәрігерлер мұны жиі қол алысу және жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу мақсатында аспирин қабылдаумен байланыстырған.
Бұған дейін америкалық БАҚ Трамптың қолындағы көгерген іздерге назар аударған болатын. Ал дәрігерлер оның денсаулық жағдайына алаңдауға негіз жоқ екенін мәлімдеді.