freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

АҚШ-та ірі алаяқтық жасады деп екі қазақстандық айыпталды

Қоғам
АҚШ-та ірі алаяқтық жасады деп екі қазақстандық айыпталды
Фото: АҚШ округ соты

АҚШ-тың Чикаго қаласында федералдық прокурорлар Medicare және жеке медициналық сақтандыру жүйелеріне қатысты ірі көлемдегі алаяқтық схемаларға қатысы бар деген күдікпен бірнеше шетел азаматына айып тақты, деп хабарлайды Malim.kz Cwbchicago басылымына сілтеме жасап.

Тергеу деректеріне сәйкес, жалған медициналық өтінімдер арқылы мемлекеттік және жеке сақтандыру компанияларына 1 миллиард доллардан астам шығын келтірілген.

Айыптау актілерінің бірінде Қазақстан азаматы Ануар Абдрахманов алаяқтық жолмен алынған қаражатты заңдастыруға қатысы бар деп көрсетілген.

Тергеу материалдарына сәйкес, ол Кентукки штатында тіркелген Priority One Medical Equipment компаниясын басқарған. 2024 жылдың наурызы мен тамызы аралығында компания глюкоза мониторингі құрылғылары мен катетерлерді жеткізді деген жалған мәліметтер арқылы Medicare жүйесінен шамамен 666 миллион доллар алған.

Priority One компаниясына қатысты Medicare жүйесіне 250-ге жуық шағым түскен. Шағымдардың басым бөлігінде азаматтар ешқандай медициналық құрал немесе қызмет алмағанын мәлімдеген.

Сонымен қатар Иллинойс штатындағы алты тұрғын өздеріне диабетке арналған құрылғылар тағайындалмағанын әрі қант диабеті диагнозы жоқ екенін айтқан.

Тергеу барысында компания кеңсесіне жүргізілген бақылау кезінде ғимараттың бос тұрғаны анықталған. Medicare алаяқтыққа күдікке байланысты төлемдерді уақытша тоқтатса да, қосымша сақтандыру компаниялары Priority One шотына кемінде 450 мың доллар аударған.

Тергеушілердің мәліметінше, Абдрахманов бұл қаражаттың бір бөлігін Гонконгтағы және басқа да шетелдік банктік шоттарға аударуға тырысқан.

Бұдан бөлек, федералдық прокурорлар Қазақстан азаматы Таир Смағұлға да айып таққан. Ол Коннектикут штатында орналасқан, Medicare мақұлдаған Medical Home Care Inc. компаниясы арқылы жүзеге асқан алаяқтық схемаға қатысы болуы мүмкін.

Тергеу деректеріне сәйкес, компания 2023 жылдың мамыры мен 2024 жылдың маусымы аралығында катетерлерге қатысты 470 мыңға жуық өтінім жолдап, олардың жалпы сомасы 953 миллион долларды құраған.

Medical Home Care Inc. компаниясына қатысты Medicare жүйесіне 27 мыңнан астам шағым түскен. Федералдық билік екі іс бойынша да тергеу жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу