Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

АҚШ-та трансгендер спортшыларға әйелдер жарысына қатысуға тыйым салынды

Әлем
АҚШ-та трансгендер спортшыларға әйелдер жарысына қатысуға тыйым салынды

АҚШ президенті Дональд Трамп еркек болып дүниеге келген трансгендерлерге әйелдер арасындағы спорттық жарыстарға қатысуға тыйым салатын жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Malim.kz.

Трамп трансгендер спортшыларға әйелдер спортында орын жоқ екенін айтты.

Былтыр Париж Олимпиадасында ер боксшының жойқын соққымен қарсыласын 46 секундта жеңіп, алтын медаль ұрлағанын қалай ұмытуға болады? Бүгін соған нүкте қоямыз, өйткені осы жарлық арқылы әйелдер спортына қарсы соғыс аяқталды, деді ол.

Сондай-ақ құжатта федералды қаржыландыру алатын білім беру мекемелері трансгендерлік спортшыларға әйелдер жарыстарына қатысуға тыйым салуға міндетті болады. Әйтпесе олар қаржыландырудан айырылуы мүмкін.

Фото: © Chip Somodevilla/ Getty Images

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу