freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақсуда газ баллоны жарылып, бір адам жансақтау бөліміне түсті

Оқиға
Ақсуда газ баллоны жарылып, бір адам жансақтау бөліміне түсті
Depositphotos

Ақсуда газ баллоны жарылып, салдарынан үш адам зардап шекті. Зардап шеккендердің бірі жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Malim.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеп. 

Төтенше жағдай жекеменшік үйлердің бірінде болған.

"10 литрлік баллоннан газ-ауа қоспасы тұтанып, арты өртке ұласқан. Үйдің кіреберісіндегі заттар мен жиһаз жанып, кейін от шатырдың ағаш конструкциясына көшкен", - деп хабарлады Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ өрт тез арада сөндірілгені нақтыланды. Десе де, зардап шеккендер бар. Жарылыс кезінде үй ішінде адамдар болған. 

Оқиға орнына үш жедел жәрдем бригадасы жіберілген. 56 және 54 жастағы екі әйел және 33 жастағы ер адам Ақсу қалалық ауруханасына жеткізілді.

"Беті мен денесін күйік шалған (денесінің 50–55 пайызы) 1970 жылғы әйел жансақтау бөліміне жатқызылды, жағдайы ауыр. Ол есін біледі, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған", - деп түсініктеме берді өңірлік денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

1972 жылғы әйелдің қол-аяғы мен құлақ қалқандарын термиялық күйік шалған. Ер адамның қолы тілінген. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін екі зардап шегуші де амбулаторлық ем алуға жіберілді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу