freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтауда бала картонмен ғана жабылған кәріз құдығына құлап кетті

Оқиға
Ақтауда бала картонмен ғана жабылған кәріз құдығына құлап кетті
Фото: әлеуметтік желі

Ақтауда қауіпті жағдай тіркелді — кішкентай бала ашық қалған кәріз құдығына құлап кеткен, деп хабарлайды Malim.kz.

Зардап шеккен баланың анасының сөзінше, жаңбырдан кейін люк дұрыс жабылмай, тек картонмен бүркелген. Сол маңда ойнап жүрген бала абайсызда құдыққа түсіп кеткен.

Оқиға туралы анасына басқа бала айтып берген, содан кейін ол бірден көмек сұраған.

Оқиғадан кейін ата-анасы полиция шақырып, арыз түсірді. Тәртіп сақшылары қауіпті жерді уақытша таспен жауып қойған.

Бала ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның басынан жеңіл жарақаттар, соққы мен көгерулер барын анықтады. Қазір жағдайы қанағаттанарлық.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу