Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтауда із-түзсіз жоғалған ер адам 8 күннен бері іздестіріліп жатыр

Оқиға
Ақтауда із-түзсіз жоғалған ер адам 8 күннен бері іздестіріліп жатыр

Ақтауда із-түзсіз жоғалған ер адам 8 күннен бері іздестіріліп жатыр. Ерлан Есмагамбетов Кендерлі демалыс базасы маңында жоғалып кеткен. Ер адамды іздеуге Lider.kz іздестіру-құтқару қозғалысының еріктілері қосылды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап. 

Lider.kz ұсынған мәліметке сәйкес, Ерлан Есмагамбетов 17 наурызда таңғы 05:00-де Кендерлі демалыс базасынан Ақтауға жету үшін жолай көлікке отырған. Біраз жүріп өткен соң, ол көліктен түсіп қалған. Негізгі жолға дейін шамамен 20 минут жаяу жүруі қажет болған.

Қазір Ерлан Есмагамбетовтың қайда екені белгісіз. Оның бойы 170-175 сантиметр, орта денелі, көзі қара, шашы қысқа. Үстінде "АТФ" жазуы бар қара бушлат, қара шалбар және қара кроссовка болған. Ерлан Есмагамбетов Ақтауда, 17-шағынаудандағы №3А үйде тұрады.

"Оны көрген немесе қандай да бір ақпарат білетін жандардан +7 (700) 499-72-92 немесе 102 нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада. 

Фото: Lada.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу