Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтаулық 20 жастағы жігіт Грузияда жоғалып кетті

Оқиға
Ақтаулық 20 жастағы  жігіт Грузияда жоғалып кетті

Ақтау қаласының 20 жастағы тұрғыны Данияр Жақсылық Грузияда із-түссіз жоғалып кетті. Туыстары оны 18 тамыздан бері іздестіріп жатыр. Бұл туралы жергілікті Lada басылымына сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.

Маңғыстаулық басылым мәліметінше, Жақсылық Ақтаудан Тбилисиге түнгі рейспен ұшып барған. Оны соңғы мәрте әуежайды көрген. Шекарадан өткені тіркелген. Бірақ содан кейін онымен байланыс үзілген.

Жас жігіттің туыстары оны бір аптадан бері іздестіріп жатыр. Оларға «Lider.kz» іздестіру тобының еріктілері де қосылды.

Ерекшеліктері: бойы 175 см, орташа денелі.

Данияр Жақсылықты көрген немесе қайда жүргенін білетін адамдар болса, мына телефондарға хабарлассын: +7 (700) 499-7292 немесе 102 нөміріне.

Фото: Lada.kz   

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу