Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтөбеде тозығы жеткен тергеу абақтысына адам сыймай жатыр

Оқиға
Ақтөбеде тозығы жеткен тергеу абақтысына адам сыймай жатыр

Ақтөбеде тергеу абақтысына адам сыймай жатыр. Себебі әбден тозығы жеткен ғимараттың бір бөлігі мүлдем жабылған, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі ktk.kz-ке сілтеме жасап. 
Темір тормен қоршалған бұл жерден күдіктінің сытылып кетуі де оңай сияқты. Себебі абақтының қабырғасы қақырап, кірпіші сөгіліп жатыр, төбесі де тесік. Тоқсан жыл бұрын салынған тергеу мекемесінде «адам тұруға болмайды» деген мамандардың шешімі де бар.

Қазір осында соталды тергеліп жатқан 300-ден аса күдікті абақтының төрт қабырғада тығылысып отыруға мәжбүр. Аз камералар мен қамауда отырып үйінді астында қалу қауіпі болғандықтан, осылай істеуге тура келеді дейді басшылар.

Тексеру жүргізгендер абақты ғимараты құламай тұрғанда «дереу сүріп тастаңдар» деген қорытынды да шығарған. 

"Корпустың бір жағы толығымен апаттық деп танылған. ол жерде тергеуге оқшауланған адам ұсталмайды. Ол жерде бір-екі апатты камера бар. Былтыр мемлекеттік сәулет басқармасынан зерттеу жүргізген, оның қортындысы да бар", - дейді Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары Талғат Әлібаев. 

Фото: pixabay.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу