Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астана әуежайында 23 рейс кейінге шегерілді

Сұқбат
Астана әуежайында 23 рейс кейінге шегерілді

Елордадағы қолайсыз ауа райына байланысты бірнеше рейс уақыты шегерілді. 

Астанадағы халықаралық әуежай 13 ұшып келу және 10 ұшып шығу рейсі кейінге қалдырылғанын хабарлады.

«Астана халықаралық әуежайында 13 ұшып келу және 10 ұшып шығу рейсі кейінге қалдырылды. Оған елордадағы ауа райының қолайсыздығы мен ұшақтың кеш келуі себеп. Жолаушылардан жолда абай болуларын және рейс жөніндегі ақпараттарды әуе компаниялардың байланыс орталықтарынан білулерін сұраймыз», - делінген хабарламада.

Бұған дейін Астана ТЖД ауа-райының нашарлауына байланысты көлік құралдарының барлық түрі үшін республикалық маңызы бар автожолдарда төрт бағыт бойынша қозғалыс жабылғанын мәлімдеген. Олар: Астана-Қорғалжын, Астана-Ерейментау-Шідерті, Астана-Анар станциясы, Астана-Щучинск.

ТЖД қызметкерлері  қаладан шығу бағыттары бойынша патрульдеу жұмысын жүргізіп жатыр.    

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу