freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанада 22-қабаттан құлаған қыз қаза тапты

Оқиға
Астанада 22-қабаттан құлаған қыз қаза тапты

Астанада Роза Бағланова көшесіндегі тұрғын үйдің 22-қабатынан құлаған қыз көз жұмды. Қайғылы оқиғаға қатысты полиция қылмыстық іс қозғады, , деп хабарлайды Malim.kz Polisia.kz сайтына сілтеп. 

Оқиға 17 тамыз күні кешкі уақытта болған. Алдын ала мәлімет бойынша, қыз көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен секіріп кеткен.

Құлаған кезде алған ауыр жарақаттарының салдарынан ол оқиға орнында қайтыс болды.

Астана қаласы полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша суицид дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Қазір полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу барысы мен оқиғаның нақты себептері қосымша анықталатын болады, - деп хабарлады Астана қаласының ПД. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу