freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі басталды

Спорт
Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі басталды
Ашық дереккөзден

Бүгін Астанада дзюдодан әлемдік рейтингтік Qazaqstan Barysy Grand Slam 2026 турнирі басталды. 8-10 мамыр күндері аралығында өтетін байрақты бәсеке биыл Қазақстанда төртінші мәрте ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Дәстүрлі бәсеке Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп жатыр. Оған әлемнің үздік дзюдошылары қатысуда. Жарыс талаптарына сай 39 елден 300-ден астам спортшы тіркелген. Турнир барысында Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, әлем чемпиондары, сондай-ақ әлемдік рейтингтің көшбасшылары бақ сынамақ. 

Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) талаптарына сәйкес, жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге әлемдік және Олимпиадалық рейтинг ұпайлары беріледі. Бұл ұпайлар спортшылар үшін 2028 жылы Лос-Анджелес қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алу жолындағы маңызды кезең болмақ.

Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің Астанада тұрақты түрде өтуі Қазақстанның халықаралық спорт аренасындағы беделін арттырып, елдегі дзюдо спортын дамытуға серпін береді, - деп жазылған туризм және спорт министрлігінің хабарламасында. 

Айта кететін жайт, 2027 жылы Астанада дзюдодан әлем чемпионаты өтеді.

Бұл Қазақстанның ірі халықаралық жарыстарды жоғары деңгейде ұйымдастырып, әлемдік дзюдо картасындағы орнын нығайтып келе жатқанын көрсетіп отыр, - деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі. 


Сондай-ақ, жарысты Qazaqstan ұлттық арнасынан, QazSport арнасы мен Judo TV интернет арнасына тамашала аласыздар.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу