Астанада ақтүтек боран. Сол себепті оқушылар онлайн форматқа көшірілді. Бұл туралы Астана қаласының Білім басқармасы жазды, деп хабарлайды Malim.kz.
Бүгін екінші ауысымның 0-6 сынып оқушылары ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтан оқиды, - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін бүгін еліміздің бірқатар аймағында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқитынын хабарлағанбыз.