Астанада таңнан аяз күшейіп тұр. Сол себепті оқушылар онлайн форматқа көшірілді. Бұл туралы қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
2026 жылғы 26 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына (ауа температурасының төмендеуіне) байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, — делінген хабарламада.
Айта кетелік СҚО мен Көкшетауда оқушылар аязға байланысты қашықтан оқуға көшірілген еді.