Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанада ШЫҰ кезінде кей жолдар жабылады

Қоғам
Астанада ШЫҰ кезінде кей жолдар жабылады

Қалалық полиция департаменті ШЫҰ саммитін өткізуге байланысты келесі жол учаскелерінде автокөлік құралдарының қозғалысын уақытша шектеу жоспарланып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Уақытша шектелетін жолдар:

3 шілде күні сағат 18.00-ден 22.00-ге дейін Бөкейхан көшесі бойынша Керей-Жәнібек хандар көшесінен Сығанақ көшесіндегі көпірге дейін (М-3);

4 шілде күні сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін Нәжімеденов көшесі бойынша Тәуелсіздік даңғылынан Аманжолов көшесіне дейін, одан әрі Аманжолов көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін және Байтұрсынов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін.

Қалған уақытта қозғалысты шектеу ШЫҰ саммитіне қатысушылардың сүйемелдеуімен жүзеге асырылатын болады. Тұрғындардан қауіпсіздіктің күшейтілген режиміне түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген хабарламада. 

Фото: 20astana.kz.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу